ЦРКБ · Стандарттар

Саланы қалыптастыратын стандарттар.

Институт стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің хатшылығын жүргізеді — ТК-34: ISO, NIST және ETSI-ді талдайды, халықаралық тәжірибені Қазақстан Республикасының талаптарына бейімдейді және жобаларды жария талқылауға шығарады.

Қолданыстағы

Ұлттық стандарттар

Стандарттардың ресми атаулары сөзбе-сөз келтіріледі және бұрынғы тұжырымдарды қамтыса да, терминологиялық ауыстыруға жатпайды.

ҚР СТ ISO/IEC 27002-2023 Ақпараттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік және құпиялылықты қорғау. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару құралдары Қолданыста
ҚР СТ ИСО/МЭК 27005-2022 Ақпараттық технологиялар. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері. Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелін басқару Қолданыста
Жоба · ПК-крипто Посткванттық криптографиялық алгоритмдер. Талаптар және қолдану тәртібі Әзірленуде
Жоба · IoT Заттар интернеті құрылғыларының киберқауіпсіздігіне қойылатын талаптар Әзірленуде

Қолданыстағы стандарттардың толық тізбесін ҚазСтандарт жүргізеді. Институттың тізілімдері мен тізбелері — жеке бөлімде.

Перечень

Стандарты СТ РК: ИИ, кибербезопасность, биометрия

Сводный перечень национальных стандартов по искусственному интеллекту, информационной безопасности и биометрии — с международными аналогами, статусами и ссылками на стандарты ISO. Поиск по обозначению, наименованию или аналогу, фильтр по направлению.

Загрузка перечня…
Байланыстар графы

Стандарттар мен НҚА бір картада

Интерактивті граф ақпараттық қауіпсіздік стандарттарының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен қалай байланысатынын көрсетеді: ҚР СТ қандай халықаралық стандарт негізінде қабылданғанын, қай актімен міндетті болғанын, оны қандай редакциялар ауыстырғанын және ұлттық стандарттардың қай жерде баламасы жоқ екенін. Құжаттарды белгісі бойынша іздеуге және АҚ салалары, мәртебесі мен НҚА бойынша сүзуге болады. Граф интерфейсі орыс тілінде.

Комитет туралы

ТК-34 қалай жұмыс істейді

  1. 01

    Халықаралық тәжірибені талдау

    ISO/IEC, NIST және ETSI қолданыстағы редакцияларын талдау, қазақстандық реттеу мен цифрлық инфрақұрылымға қолданылуын бағалау.

  2. 02

    Жобаны әзірлеу

    Цифрлық кодекс талаптары мен салалық ерекшелікті ескере отырып бірінші редакцияны дайындау. Терминология заңнаманың қолданыстағы редакциясына сәйкестендіріледі.

  3. 03

    Жария талқылау

    Жоба ашық түсініктеме беруге шығарылады. Ескертпелер кез келген мүдделі тараптан қабылданады және мәні бойынша жауап алады.

  4. 04

    Бекіту және жариялау

    Пысықтаудан кейін стандарт бекітуге шығарылып, ҚазСтандарт тізіліміне енгізіледі.

Комитеттің ҚазСтандарт тізіліміндегі ресми атауы — № 34 «Ақпараттық технологиялар» стандарттау жөніндегі техникалық комитет. Сайтта «ТК-34» қысқа нысаны қолданылады.

Ашық талқылау

Стандарт жобаларына ескертпелер

Егер жобадан дәлсіздікті, қолданыстағы нормаларға қайшылықты немесе іс жүзінде орындалмайтын талапты байқасаңыз — жазыңыз. Әрбір ескертпе тіркеліп, жауап алады.